Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп - гимназиясында бай тәжірибесі бар ардагер ұстаздарымыздың қатысуымен ерекше ретро - сабақтар өткізілді. Бұл сабақтар жас ұрпаққа білім ғана емес, тәрбие мен тағылым беруді көздеді.
Смагулова Забида Киконтаевна
- Бастауыш сынып мұғалімі, 48 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі педагог.
- «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, ҚР БҒМ мен Астана қаласы Білім басқармасының бірнеше Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарының иегері.
4 «В» сыныбында математика пәнінен «2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері» тақырыбында ретро - сабақ өткізді.
Сейдахметова Айсұлу Қуанышқызы
- Бастауыш сынып мұғалімі, 41 жыл 3 айлық еңбек өтілі бар педагог - зерттеуші.
- «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ҚР БҒМ, Астана қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының Құрмет грамоталары және «Астана - Дарыны» орталығының дипломдарымен марапатталған.
Бастауыш сыныптарда ретро - сабақ өткізіп, оқушыларға дәстүрлі әдістердің маңызын көрсетті.
Аймағанбет Дамежан Өмірбекқызы
- Химия пәнінің ардагер мұғалімі, 55 жылдық еңбек өтілі бар, осы мектептің түлегі.
- «Халық ағарту ісінің Құрметті қызметкері» белгісінің, «Еңбек ардагері» медалінің, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, ҚР Президентінің және ҚР БҒМ Құрмет грамоталарымен марапатталған.
- 2022 жылы «ҚР Құрметті азаматы» атанды.
9 - сынып оқушыларына тағылымды ретро - сабақ өткізіп, ғылымға деген қызығушылықты арттырды.
Бұл сабақтар - жас ұрпаққа үлгі болып, ардагер ұстаздардың еңбегін бағалау мен құрметтеудің айқын көрінісі.
«Ұстаз - мәңгілік шамшырақ, ал ұрпаққа қалдырған ізі - өлшеусіз қазына».