Roblox-тағы Хогвартс! Бүгін «Magic Coding Lab» ерекше өтті!
Бүгін 8-сынып оқушылары үшін нағыз сиқырлы тәжірибе болды — Roblox-та ойын құруға арналған «Magic Coding Lab» сессиясы сәтті өтті!
Өткізгендер:
Сарсекова М.Ғ.
Бекбергенов Қ.А.
Оқушылар өздерін нағыз Хогвартс сиқыршылары сияқты сезінді:
өздерінің «Хогвартс картасын» Roblox-та жасап,
код пен креативті біріктіріп,
ойын барлық ережесін өздері ойлап тауып,
цифрлық әлемде өз фантазияларын іске асырды.
Бұл тек ойын жасау емес — бұл:
логика,
командалық жұмыс,
цифрлық сауаттылық,
креативтің шыңы!
Балалардың қызығушылығы, көзіндегі от, жаңа әлемді жасағандағы қуанышы — бүгінгі сабақтың ең үлкен жетістігі болды.
Информатика — болашақ тілі. Ал оны меңгеру — өз сиқырыңды құрумен тең.