Мектебімізде мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары А.Т.Кошметова оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинардың тақырыбы – сабақ мақсатына сай тапсырмаларды тиімді жоспарлау.
Іс-шара барысында педагогтер:
оқу мақсаттарын нақты қою
бағалау критерийлері мен дескрипторлар құрастыру
оқушылардың деңгейіне сәйкес тапсырмалар дайындау жолдарын меңгерді
Семинар тәжірибеге бағытталған форматта өтіп, қатысушылар топтық жұмыстар орындап, өзара тәжірибе алмасты. Практикалық тапсырмалар арқылы жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды.
Мұндай іс-шаралар білім сапасын арттыруға және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал етеді.


