Саналы ұрпақ – жарқын болашақ
3 «Ә» сыныбында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында тәрбиелік сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар адалдық, жауапкершілік, мейірімділік, үлкенді құрметтеу және кішіге қамқор болу секілді маңызды адамгершілік құндылықтар туралы ой бөлісті. Әрбір саналы әрекеттің жарқын болашаққа бастайтынын түсінді.
Сондай-ақ қауіпсіздік сабағы аясында «Досыңызды ренжітсе не істеу керек?» тақырыбы талқыланды. Балалар досына қолдау көрсету, болған жағдайды сенімді ересек адамға айту, жанжалға араласпай қауіпсіз әрекет ету және көмек сұраудан қорықпау керектігін үйренді.
Достық – бір-бірін қорғау, түсіну және қиын сәтте жанынан табылу. Саналы, мейірімді әрі жауапты ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы!
Сынып жетекшісі: Әбдімұқашева Алина Ерлібекқызы

