Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Біздің 9–11-сынып оқушыларымыз үшін бұл курс — өз болашағын жоспарлаудың алғашқы нақты қадамы болды.

«Астана дарыны» орталығы @astana_daryny мен Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы @enbek.kz ұйымдастырған «Сенің мансаптық бастамаң: Электрондық еңбек биржасын қалай пайдалануға болады» атты тегін онлайн-курс барысында оқушылар:

enbek.kz платформасында жұмыс іздеуді,

түйіндеме (резюме) толтыруды,

еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді талдауды үйренді.

Қорытынды тестілеуден өтіп, сертификаттарға ие болған барлық қатысушыларды құттықтаймыз!

Бұл курс — мансаптық дамуға, мақсат қоюға және өз әлеуетіңді ашуға бағытталған маңызды қадам.