Сиқырлы пазлдар
21 қараша күні Математика–информатика апталығы аясында 4-сынып оқушылары үшін ерекше «Көңілді үзіліс» ұйымдастырылды. Дәліз бір сәтке Хогвартстың Жұмбақ бөлмесіне айналып, балалар сиқырлы пазлдар әлеміне кіріп кетті!
Балалар:
логикалық пазлдарды құрастырды,
жылдам ойлап, шапшаң шешім қабылдады,
қиялын дамытып, кеңістіктік ойлауын шыңдады,
топпен әрекет етіп, дұрыс шешімге бірге жетті.
Пазл құрастыру-жай ғана ойын емес. Бұл:
зеректілікті дамытады,
назарды жинақтайды,
логикалық ойлауды жетілдіреді.
Кішкентай сиқыршыларымыз тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап, бүгінгі үзілісті нағыз білімді ойынға айналдырды.
Осындай қызықты сәттер арқылы біз балалардың математика мен информатикаға деген қызығушылығын күшейтеміз!
Ұйымдастырушы:
Болатбек Диас Мейрамбекұлы
