Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

2026 жылдың 2 наурыз күні Астана қаласы Қорғаныс істер департаментінің бастапқы әскери дайындық жөніндегі инспекторы, запастағы полковник Жылқыбаев Есентай Жарқынбаевич 10–11 сынып оқушыларына арналған «Әскери оқу орындарына түсу» тақырыбында үгіт-насихат сабағын өткізді.

Сабақ барысында жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібі мен талаптары жан-жақты түсіндіріліп, оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар берілді.

Кездесу кезінде:

«Отан – отбасынан басталады»,

«Жерің барда ірісің, тілің барда тірісің, тіл мен жерден айырылсаң, өлген ұлттың бірісің»,

«Өз тілін, тарихын, салт-дәстүрін білмейтін адам Отанын да қорғай білмейді»

деген тағылымды ойлар негізінде жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие берілді.

Іс-шара барысында 2026 жылғы 17 ақпанда қала мектептері арасында өткен «Қар барысы – 2026» әскери-қолданбалы спорттық жарысында мектебіміздің ІІІ орын иеленгені ерекше аталып өтті.

Жүлдегер оқушылар:

Бейсенбаев Бексултан – 10Ә

Айбеков Оразбек – 10В

Мусабаев Мейіржан – 10Д

Юлдашев Алимжан – 10Д

І орын иегерлері – №8 мектеп-лицей оқушылары:

Абитаев Бауыржан – 11Ә

Уызбай Діннұр – 11Б

Тілеу Абылайхан – 11А

Қожамқұл Абдуррахман Мұратұлы – 11Б

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы марапатталып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірілді.

Аталған іс-шараны ұйымдастырған – алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Б. Заманбекұлы.