Мектебіміздің 120 жылдық мерейтойы аясында мектебімізде ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп, сан ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие берген ардагер ұстаз Сейдахметова Айсұлу Қуанышқызымен әсерлі кездесу өтті.
Кездесу барысында аяулы ұстазымыз өз өмір жолы, еңбек жолындағы қызықты сәттер және оқушыларына деген ыстық ықыласы жайлы жүрек тебірентер әңгіме өрбітті.
2-сынып оқушылары ардагер ұстаздың ақыл-кеңесін зор ықыласпен тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.
Әрбір тағылымды сөз жас ұрпақтың жүрегіне ой салып, білімге, еңбекке және ұстаздық мамандыққа деген құрметін арттыра түсті.
Осындай тағылымы мол кездесулер жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, үлкенге құрмет секілді асыл қасиеттерді дарытады.


