«Сырбай мұрасы» — біздің жеңісіміз!
2026 жылғы 30 қыркүйекте 5–10 сынып оқушылары арасында өткен «Сырбай мұрасы» қалалық байқауында мектебіміздің оқушылары шығармашылық қабілеттерін танытып, жүлделі нәтижелерге қол жеткізді!
131 оқушы бақ сынаған қалалық додада біздің жас таланттарымыз үш номинация бойынша үздіктер қатарынан көрінді.
Насыралиева Аружан, 7 «Г» сынып
«Сырбай бейнесі – цифрлық әлемде» номинациясы — ІІ орын
Жетекшісі: Мадишева Гүлнұр Амангелдіқызы
Кемелғазы Балғынбек, 10 «Ә» сынып
«Сырбайша толғау» номинациясы — ІІ орын
Жетекшісі: Кашаева Арайлым Айдаровна
Ерболұлы Жалғас, 9 «А» сынып
«Сырбай поэзиясы – трендте» номинациясы — Грамота
Жетекшісі: Кошметова Айнұр Тлеуқабылқызы
Бұл жетістік — оқушының таланты мен ізденісінің, ұстаздың бағыт-бағдары мен еңбегінің нәтижесі.
Сырбай Мәуленов мұрасын поэзиямен ғана емес, жасанды интеллект, цифрлық шығармашылық және заманауи бейнеформаттар арқылы жаңаша таныта білген оқушыларымызбен мақтанамыз!
Жүлдегерлеріміз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылықтарыңыз шыңдалып, жеңістеріңіз көбейе берсін!
Талантқа — мүмкіндік, ізденіске — қолдау, еңбекке — жеңіс!


