Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін мектебімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық нарративі аясында «Таза аула – таза қоғам» атты сенбілік өтті.
Бұл тек тазалық жұмысы ғана емес, әрқайсымыз үшін үлкен тәрбие мен жауапкершіліктің көрінісі болды. Осындай ортақ іске атсалысу арқылы біз еңбекті құрметтеуді, туған жерімізге деген сүйіспеншілікті және қоршаған ортаға жанашырлықты үйренеміз.
Мұғалімдер, қызметкерлер және оқушылар бір мақсатта бірігіп, мектеп ауласын таза, көрікті әрі жайлы етуге өз үлестерін қосты.
Осындай игі істер арқылы нағыз азаматтық ұстаным қалыптасады.
Таза мектеп – бұл тек айналаның тазалығы ғана емес, ол біздің мәдениетіміздің, тәрбиеміздің және бірлігіміздің айғағы.
Осындай жақсы бастамалар әрқайсымызды қоршаған ортаны аялауға, тазалықты сақтауға және үлкен өзгерістердің кішкентай қадамдардан басталатынын ұмытпауға шақырады.