2026 жылы 27 наурыз күні сағат 10:00-де мектебімізде «Цифрлық сауаттылық және өмірлік дағдылар» тақырыбында №4 педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаты — педагогтердің оқу-тәрбие үдерісінде цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану бағытындағы жаңа ізденістерін дамыту, заманауи тәсілдермен тәжірибе алмасу.
Кеңес барысында:
— білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды қолданудың тиімді жолдары қарастырылды;
— жасанды интеллект құралдарын сабақта және тәрбие жұмысында пайдалану мүмкіндіктері талқыланды;
— педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған тәжірибелер ұсынылды.
Іс-шара мазмұнды пікір алмасу алаңына айналып, ұстаздардың кәсіби дамуына серпін берді. Алдағы уақытта да білім сапасын арттыруға бағытталған осындай маңызды басқосулар жалғасын табады.

