5 қыркүйек күні мектебімізде Байқоңыр ауданы прокуратурасының бөлім прокурорлары Адильханова Адина Балружановна мен Казбекова Айсана Кущековна 8 «А» сынып оқушыларына ашық сабақ өткізіп, Ата Заңымыздың маңыздылығын түсіндірді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа құқықтық мәдениетті дарыту және Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін айқындау. Бұл бастаманы прокуратура ұйымдастырды.
Сабақ барысында прокуратура өкілдері Конституция туралы танымдық материалдар мен қалалық әкімдік тарапынан да сыйлықтар берілді.
Іс-шараға қолдау көрсеткендері үшін Байқоңыр ауданы прокуратурасына және Астана қаласы әкімдігіне шынайы алғыс айтамыз!