«Заң және тәртіп»: оқушылармен маңызды кездесу
Мектебімізде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8–9 және 10–11 сынып оқушыларына дәріс өткізілді.
Оқушылармен Астана қаласы Байқоңыр ауданы ҚҚБ ЮПБ бастығы, полиция подполковнигі Талдыбаева Жазира Жолдасбайқызы және аға лейтенант Тлеухан Р. М. кездесті.
Құқық қорғау қызметкерлері заңға құрметпен қарау, өз әрекетіне жауап беру және дұрыс таңдау жасаудың маңызы туралы әңгімеледі. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.
Бала қауіпсіздігі — мектептің, отбасының және қоғамның ортақ жауапкершілігі. Оқушыларымызбен ашық әрі мазмұнды әңгіме өткізген қонақтарымызға алғыс білдіреміз!

