18 ақпан күні кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, полиция капитаны Ратова Сымбат Разманбекқызы және учаскелік полиция майоры Есбота Абзал құқық қорғау органдары @police__astana қызметкерлерімен бірлесіп, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзудың салдары, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу және интернет кеңістігіндегі қауіпсіз мінез-құлық мәселелері түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заңға құрмет сезімін қалыптастыру және қоғамдағы қауіпсіздікті нығайту.

