18 ақпан күні кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, полиция капитаны Ратова Сымбат Разманбекқызы және учаскелік полиция майоры Есбота Абзал құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзудың салдары, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу және интернет кеңістігіндегі қауіпсіз мінез-құлық мәселелері түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заңға құрмет сезімін қалыптастыру және қоғамдағы қауіпсіздікті нығайту.