Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы , Байқоңыр ауданы , Ш.Айманов 3  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында оқытушылар мен оқушылардың зерттеу әлеуетін, цифрлық және педагогикалық құзыреттіліктерін дамыту мәселелеріне арналған республикалық семинар жоғары деңгейде өтті.

Аталған іс - шара аясындағы секциялық отырыстардың бірінде мектебіміздің физика - информатика пәні мұғалімі Болатбек Диас Мейрамбекұлы @diasb_7 өз тәжірибесімен бөлісті.

Ол «Жасанды интеллектті пайдалану арқылы оқушылардың ғылыми - зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру» тақырыбында мазмұнды әрі практикалық маңызы жоғары баяндама жасап, тыңдаушылардың назарын аударды.

Баяндамашы ЖИ құралдарын дұрыс қолдану мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамытуда аса маңызды екенін атап өтіп, білім алушылардың шығармашылық және ғылыми ізденісін қолдаудың заманауи тәсілдерін ұсынды.

Осындай кәсіби алаңдар педагогтерге өзара тәжірибе алмасуға, білім беру үдерісін жаңғыртуға және жаңа технологияларды оқу процесіне тиімді енгізуге үлкен мүмкіндік береді.