Бүгін «Қазанат» жазғы демалыс лагерінің оқушылары қызықты әрі пайдалы сабаққа қатысып, жасанды интеллектіні адамның көңіл күйін тануға үйретуді үйренді.
Сабақ барысында балалар ИИ-дің қалай жұмыс істейтінін түсініп, оны тек дайын құрал ретінде емес, өздері үйрете алатын ақылды технология ретінде таныды. Олар адамның көңіл күйін анықтау, эмоцияны тану және деректер арқылы шешім қабылдау сияқты заманауи дағдыларды меңгерді.
Бұл сабақ оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, шығармашылық ойлауына, зерттеушілік қабілетіне және жаңа технологияларға деген қызығушылығына жол ашты.
Бүгінгі оқушы — ертеңгі жаңашыл маман!
Жасанды интеллектіні дұрыс әрі тиімді қолдана білу — болашақтың маңызды дағдысы.
«Қазанат» лагерінің оқушылары технологияны тек қолданушы емес, оны дамытушы болуға қадам жасап келеді!


