Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «№115 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де өткен «ЖИ бойынша үздік жобалар» тақырыбындағы қалалық практикалық семинарға мектебіміздің мұғалімдері қатысып, кәсіби дамуға тағы бір маңызды қадам жасады.
Бұл семинар – тек тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар жаңашыл ұстаздардың шабыт алып, тың идеяларға жол ашатын маңызды орта болды. Жасанды интеллект бағытындағы үздік жобалармен танысу, заманауи тәсілдерді меңгеру, әріптестермен ой бөлісу – ұстаз еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне мүмкіндік береді.
Білім берудегі өзгеріске бейім, үнемі ізденісте жүретін мұғалім ғана болашақ ұрпаққа сапалы білім мен дұрыс бағыт бере алады. Сондықтан әрбір осындай кездесу – кәсіби өсуге, жаңа серпінге, үлкен мақсаттарға бастайтын маңызды баспалдақ.
Ұстаздың ізденісі – шәкірттің жетістігі. Даму жолындағы әр қадамымыз берекелі, еңбегіміз нәтижелі болсын!

